ВИЧ-ке шалдыққан балалардың ата-аналарының талабы ескеріледі

335
Ата-аналар

Шымкентте ВИЧ-ке шалдыққан балалардың ата-аналарының талабы ескерілетін болды. СПИД-ке қарсы орталықтың жұмысына көңілі толмай, диагностикалық тексеруді дұрыс жүргізсін деген ата-аналардың шағымын облыстық денсаулық сақтау өкілдері қанағаттандырды. Енді науқас жандарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы жақсарады деп сендірді жауаптылар.

Ата-аналар

ВИЧ індетіне шалдыққан балалардың ата-аналары СПИД орталығы мамандарының қызметіне көңілі толмайды. Олар бұл проблеманы бүған дейін де бірнеше рет көтерген. Ата-аналардың сөзінше, балалардың қанындағы вирусты анықтау дұрыс жүргізілмейді. Яғни науқасқа тест ескі қондырғылармен жасалады. Соның кесірінен талдау қорытындысы қандағы вирустың көп екенін көрсетеді екен.

Қандағы вирусты анықтайтын жаңа тест аппаратының құны қымбат. Сондай-ақ, мамандар ол қондырғының оң нәтиже беруі екіталай дейді. Дегенмен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ата-аналардың диагностикалық тексерудің сапасын жақсарту керек деген өтінішін қанағаттандырып, жаңа жылдың бастап бұл проблеманы шешіп беруге уәде берді.

Кездесу барысында мемлекеттік жәрдемақы мәселесі де сөз болды. Бұған дейін қауіпті дертке шалдыққан балаға «жергілікті бюджеттен жәрдемақы берілмейді» деген қауесет тараған. Ал мұны сала мамандары растамады. Сондықтан ата-аналарды сабырға шақырып, мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетініне сөз бере тарқасты.

Лаура Мамырова