Шымкенттегі Абай ауданына қарасты жалдамалы пәтерлерімен аты шыққан 8-шағынауданның тұрғындары әкімдерден көмек сұрайды. Олар өздері тұратын №8 «А» үйдің бақандай 11 пәтері жалға берілетініне наразы.
Келіп-кетушілерді жарылқаған кәсіпкерсымақтарға әліміз жетпей жатыр деп ашынады қарт кісілер. Түні бойы тұрғындардың ұйқысы төрт бөлінеді. Жергілікті тұрғындар көп қабатты баспананы жеңіл жүрісті қыздар жайлағанын айтады.
Күні кеше осында бір пәтерді тәулікке жалға алғандар бойжеткенді тырдай күйінде далаға қуып жіберген. Жалаңаш қыз баспанаға кіре алмай, есікті төмпештепті. Осындай айқай-шудан шыдамы таусылған 70 жастағы кейуана полицияға хабарласып, арызданғанын айтады.
Әр пәтерден шығатын шудан үйге келген қонақтан ұяламыз дейді қария. Полицияны шақырғанымен, мәселе шешіліп жатқан жоқ дейді. Төзімі таусылған жұрт енді «Нұр Отан» партиясына шағымдануға бекіп отыр.
Тұрғындар пәтер иелерін тауып, жынойнақты жоюды сұрайды. Облыс және қала әкіміне өтініш жасаған қария осы проблеманы шешіп беруін өтініп отыр.