Енді жылжымайтын мүлікті үйде рәсімдеуге болады

Сурет ғаламтордан алынды

Енді техникалық куәлікке қол жеткізу оңай. Egov электрондық үкімет порталында жаңа қызмет түрі пайда болды. Енді азаматтар үйден аттап шықпай, сайтта өтініш қалдырып, қысқа мерзімде құжаттаға қол жеткізе алады. Бар болғаны, ғаламторға жалғанған компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба болса, жеткілікті.

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Сіз жолдаған өтініш сайтта бір тәулік өңделеді. Тек содан кейін мамандар нысанды тексеріп, өлшемдер жасайды. Ал техникалық паспорттың дайын болу мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты болады.

Дәурен Мұсабеков, бақылау бөлімінің  басшысы: «Құжаттың берілу мерзімі әртүрлі. 3 жұмыс күнінен бастап 15 күнге дейін созылады. Мысалы, заңды тұлғалар үшін нысанның көлемі  1000 шаршы метрге дейін болса, иесі 7 күн күтеді. Оған дүкен, дәріхана сынды нысандар жатады. Ал ғимарат аумағы 1000 шаршы метрден көп болса, онда 15 күнде дайын болады.»

Дайын техникалық паспорт халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі. Айта өтейік, Қазақстанның Egov электрондық үкімет порталында 191 электрондық қызмет түрі көрсетіледі. Сонымен қатар салық пен айыппұл төлеу және коммуналдық қызмет түрлері бойынша порталды пайдалана аласыз. Статистикаға сүйенсек, портал қызметін күніне 10 мыңнана аса адам қолданады.