Көп қабатты үйдің тұрғындары жеделсатыға жететін күн жақын

389

Қала әкімі берген уәдесінде тұрды. Терешкова көшесіндегі №50 үйдің тұрғындары жаңа басшының іскерлігіне тәнті болуда. 20 жыл бойы істемей тұрған жеделсатыға жан бітіріп, жөндеуден өткізіп жатқанына дән риза.

Терешкова көшесі №50 үй тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Жылдар бойы қаңтарылып тұрған жедел сатыға жан бітіп, жөнделіп жатқанына сенбейді. Тоғызыншы қабатқа дейін жаяу шығып, күнелткен халықтың күдері үзілген де болатын.

Қараша көкейтесті мәселесін осыдан бір ай бұрын қала әкімінің алдында көтерді. Арнайы алдарына келген басшыға зейнеткерлердің жоғары қабатқа жаяу шығып жүргенін жайып салды.

Ғабидолла Әбдірахымов күрделенген мәселені шешіп, екі айдың ішінде жедел сатыны іске қосып беруге уәде еткен болатын. Берген уәдесінде тұрған әкімге халқы риза. Екі аптадан кейін-ақ жедел саты жөнделе басталыпты. Құрылысын «Шымкент-лифт» компаниясы жүргізіп жатыр. Мамандар енді бірер күнде пайдалануға беріледі деп отыр.

Ольга Валиева, Терешкова көшесіғ №50 үйдің төрайымы: «Әкім азамат екен. Айтты – істеді. Екі күннен кейін жарығымызды қосты, екі аптадан кейін жедел сатыны жөндей бастады. Мен бұл жерде 15 жылдан бері тұрамын. Бір адамның дәл осылай жұмыс жасағанын көрмедім. Рахмет, алғысымыз шексіз!»

Жастары алпысты алқымдаған аналар енді жоғары қабаттан жаяу түсіп-шықпайтындарына қуанышты. Осы күнге дейін жедел сатыдан әбден қиналған олар лифт пайдалануға бере сала өздері жеке қарауылдайтындарын айтады.

Солардың бірі – Рабиға Досманова. Зейнеткер әжей өзі көрген қиындықты кейінгі ұрпақ көрмесін деп тілейді. Сондықта мемлекеттің мүлкін көзінің қарашығындай қарауға дайын.

Лифттің құрылысын тұрғын үй инспекциясының мамандары күнде қадағалайды. Әкімнің назарында болғандықтан, жұмыс тыңғылықты аяқталуы қажет дейді жауаптылар.