Мақтааралда бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

245
Ұрлыққа күдікті

Мақтаарал ауданының полицейлері бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Түн ішінде жергілікті полиция бөліміне Жетісай қаласындағы С.Сейфуллин көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері белгісіз біреудің дүкенге кіріп, 8 мың теңге ақша мен «Актив» карталарын алып кеткенін анықтады. Дүкеннің 41 жастағы иесі күдіктіні байқап қалғанымен, ол қашып үлгеріпті.

Ұрлыққа күдікті

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1988 жылы туылған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Бұған дейін де сотты болған жігіт өз кінәсін мойындап отыр.

Бұған қоса тергеу барысында күдіктінің 10-нан астам ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол 17 қаңтары күні 46 жастағы жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, ақшасы, алтын бұйымдары мен бағалы заттарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген жалпы шығынның көлемі 1 миллион теңгеге жуық.

Қазір ұсталғанның үстінен қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп, күдікті қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.