Шымкентте «ЕХРО-2017» көрмесіне арналған жастар кеші өтті

355
Бал

Шымкентте халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне арналған гранд-балл өтті. Бұл кеште 50 жұп 3 ай бойы дайындалған өнерлерін паш етті. Әсем әнмен үйлескен биі келген көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ, танымал өнер жұлдыздары кештің одан әрі қызықты өтуіне ат салысты.

Бал

Абзал ТөлегеновАбзал Төленов: «Алдағы уақытта Астана қаласына ерікті ретінде барып, Шымкент жастарының атынан Қазақстанның біліктілігін көрсеткіміз келеді, әлемге танытқым келеді.»

«Біз Экспоны қарсы аламыз!» атты бал республика бойынша 3-рет ұйымдастырылып отыр. Ең алғаш рет Астанадан бастау алған балды оралдықтар жалғаған. Енді, міне, кезек күнгейліктерге де жетіп отыр.

Оңтүстіктен кейінгі эстафетаны Қызылорданың белсенділері қабылдап алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара дәстүрге айналып, 1 жылдың ішінде еліміздің барлық қалаларын қамтиды.

Алпамыс АшаримовАлпамыс Ашаримов, басты ұйымдастырушы: «Осындай балдар көбінесе Астана мен Алматыда ғана өтеді. Біз осы жолы әр өңірлерде өткізу арқылы алда келе жатқан Экспоның маңызын, экономикалық пайдасын түсіндірмекпіз.»

Айта кетейік, 2017 жылы үш ай бойына өтетін халықаралық көрмеге 3 мыңдай ерікті жұмылдырылады. Олар қазақы қонақжайлықтың айрықша үлгісін көрсетіп, шетелдік мәртебелі меймандарды күтеді. Соның ішінде 1500 ерікті жас Астана қаласынан болса, 200-і Оңтүстіктен аттанады. Ал қалған 1400-і өзге аймақтардан келеді деп күтілуде.

Бал