Шымкентте Мәуліт кеші өтті

842

«Расында сен көркем мінез иесісің». Шымкентте осындай тақырыпта Мәуліт мерекесі өтті. Бұл кеште жамағатқа арнап Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың сахабаларына қалдырған өсиеттері мен Құран аяттары оқылды.


Жиналған жамағат бір уақытта Түркістан сарайында 1500 орынға сыйған жоқ. Түрегеліп тұрғандар да бар. Барлығы «Мәулітті» қосыла айтып, сауап жинады. Ал лық толы залға кіре алмағандар дәлізде жүріп Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) бізге жеткізген Құран сүрелерін оқып, жаттады.

Рәкбар Махамеджанова
Рәкбар Махамеджанова

Рәкбар Махамеджанова, қала тұрғыны: «Мәуліт айын жыл сайын асыға күтемін. Қанша көп салауат айтсақ, соншама күнәміз кешіріледі деп санаймын өзім. Отбасымызбен Құран оқып, сүрелерді оқып, дастархан басына жиналып, жақсы шариғаттар айтамыз.»

Мәуліт түні – Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түндердің бірі. Қасиетті мерекеде Пайғамбарымыздың туғанына барша қауым қуанып, шүкірлік айтуы тиіс. Мұны жиналған жұртшылық алдында облыстың бас имамы Ахметжан Керімбек жиі қайталаумен болды. Айтуынша, мейрамның өзіндік сауабы мол шарттары да бар.

225

Мұхамеджан Керімбек, облыстың бас имамы: «Мұнда Пайғамбарымызға салауаттар айтылады. Көптеген дұғалар, еске алулар мен дәріптеулер айтылады. Міне, осы секілді игілікті амалдар жасалады».

Мәуліт кешінде діни маңызы зор, Пайғамбарымыздың өмірінен сыр шертер қойылымдар да көпшілік назхарына ұсынылды. Онда қайырымдылық жасау мен кешірімді болу Пайғамбардың ықыласыну бөленуге бастайтын қадам делінген. Сондай-ақ, «Расында сен көркем мінез иесісің» атты мәуліт кешінде діни әуендер, әсіресе, ел арасында жиі таралған «Әссаламу алайка» әні де тыңдалды. Айта өтейік, 30 күнге созылған қасиетті айдың бүгінгі соңғы түні жамағаттың жақсылыққа, имандылыққа бет бұруына мүмкіндігі десті көпшілік.