Сүңгуірлер

7 қаңтар күні Сырдарияда қайғылы жағдай болды. Арыс ауданына қарасты аумағында екі балықшы суға ағып кеткен. Бұл туралы ОҚО төтенше жағдайлар департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының мамандары мәлімдеді.

Аққала ауылының екі тұрғыны балық аулауға аттанады. Арада бірер сағат өткенде моторлы қайықтың жанармай багы кенет жарылған. Өзен үстіндегі жарылысты көріп, дауысты естіген ауыл тұрғындары осылай дейді.

Сүңгуірлер

Павел Вишенин, ОҚО төтенше жағдайлар департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының ресми өкілі: «Бұл жайында суыт хабар 7 қаңтар күні 12:10-да түсті. Сағат 13:00-де біздің жасақтың 5 құтқарушысы оқиға орнына аттанды. Сағат 15:55-те дарияның жағасына жеткен сүңгуірлер құтқару жұмыстарын бастап кетті.»

Сол төңіректегі тұрғындар балықшының біреуін судан шығарып алып, жедел жәрдем шақырған. 39 жастағы Аққала ауылы тұрғынының жағдайын Арыс қалалық ауруханасының дәрігерлері орташа деп бағалап отыр. Балықшының миы шайқалған, ашық бас-ми жарақатын алған.

Сүңгуірлер

Ал 29 жастағы екінші балықшы әлі де іздестірілуде. Құтқарушылар 5 метр тереңдікке дейін сүңгіп, дарияның түбін мұқият қарап жатыр. Олардың жұмысына дарияның асау ағысы да кедергі болуда. Әзірге багы жарылған қайықты да табу мүмкін болмай отыр.

Сүңгуірлер