«Арай -2016» өнер байқауының жеңімпаздары белгілі болды

344
Бас жүлде иегері - Бағдат Сейітбек (Шымкент қаласы)
Бас жүлде иегері - Бағдат Сейітбек (Шымкент қаласы)

Облыстық «Арай -2016» өнер байқауы мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен жас әншілер арасында бас бәйгені шымкенттік Бағдат Сейітбек жеңіп алды. Жеңімпазға 200 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Бас жүлде иегері - Бағдат Сейітбек (Шымкент қаласы)
Бас жүлде иегері – Бағдат Сейітбек (Шымкент қаласы)

Бірінші орынды Созақтан келген Арайлым Көлшікбаева иеленсе, 2-орынды Төле би ауданының тумасы Болат Құрманәлиев пен шымкенттік Аян Төлеген өзара бөлісті. Ал жүлделі 3-орыннан Қаламқас Сейілхан (Шымкент қаласы) мен Жамбыл Құрбанәлиев көрінді.

Арайлым Көлшікбаева

Ал мәдени іс-шара жүргізушілері арасында бас жүлдені Бағдәулет Мамытов (Шымкент қаласы) қанжығасына байлады. 1-орынға Иген Жансейіт (Шымкент қаласы) лайық деп табылса, 2-орынды Алмат Дүйсенбаев жеңіп алды. Ләйлә Оспанова (Шымкент қаласы) 3-орынға қанағат тұтты.

Айта өтетін ақпар – биыл 20-шы рет қолға алынған өнер додасында 273 үміткер бақтарын сынады. Ал ақтық сында 22 жас эстрада орындаушысы мен 11 мәдени іс-шара жүргізушісі қатысып, таланттарын таразыға салды.