Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 1 келіден астам есірткі затын алып жүрген жергілікті тұрғынды ұстады. Оны облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасы мен Түлкібас ауданының полицейлері қолға түсіріп отыр.
Тәртіп сақшылары Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба асуында ақ түсті Мерседес көлігін тоқтатады. «Бим» лақап атты иісшіл итті пайдаланып, тексеру кезінде көліктің салонындағы дауыс колонкасының ішінен полиэтилен қалта табылды.
Ол қалта жүргізушіге емес, көлікпен келе жатқан 47 жастағы жолаушыға тиесілі болып шықты. Сот-криминалистикалық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың салмағы 1 келі 200 грамм марихуана екені анықталды.
Қазір есірткі затына алып жүру фактісіне қатысты қылмысты іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда.