Шымкенттік жас өрен Ресейде топ жарды

380

Шымкенттік шахматшы Аяулым Қалдарова «Moscow open» жарысында чемпион атанды. 9 жасар жерлесіміз 9 турда сынға түсіп, оның сегізінде жеңіске жеткен. Мәскеулік жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті. Бұл жолы 700 спортшы чемпиондыққа таласты.

Аяулым бапкері Гүлісханмен

Аяулым бұл жеңісінің нәтижесінде Европа чемпионатына жолдамаға ие болды. Интелектуалдар сынағы Грецияда өтеді деп жоспарланған. Оңтүстік мақтанышын білікті шахматшы Гүлісхан Нахбаева жаттықтырады.

Нұрдаулет Қалдаров, әкесі: «Аяулым 2,5 жылдан бері жаттығып келеді. Қызымның биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Бұл жолғы жарыс оңай болмады. Әр кездесу 3-4 сағат бойы өтті. Ата-аналар ойынның біткенін тағатсыздана күтіп, перзентімізді ұйымдадық. Әйтеуір, ел үмітін ақтай алды.»

Енді Аяулым Қазақстан чемпионатына дайындалатын болады. Республикалық сынақ наурыздың 8-не жоспарланған. Содан кейін Моңғолияға жол тартады. Ол жақта құрлық біріншілігі өтеді.