8 наурыз — әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Төле би ауданында тұратын 120 жастағы Хайранова Фатима ананы құттықтап, облыс әкімінің атынан сый-сияпат тарту етті.
Еліміздегі ең қарт ана Көксәйек совхозында көп жылдар бойы жұмысшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты.
Сондай-ақ, қарт анамызды құттықтай келген аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков те өз ыстық лебізін білдіріп, әжеге бағалы сыйлығын табыс етті.