Úı Jańalyqtar Облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясы өтті

Облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясы өтті

ардагерлер кеңесі

Бүгін Шымкентте облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті конференциясы өтті. Онда кеңестің өткен жылы атқарған жұмыстары талқыланып, биылғы жоспар ортаға салынды.

ардагерлер кеңесіСондай-ақ, аға буынның әлеуметтік мәселелері қаралды. Айта кетейік, соңғы бес жылда 40 мыңнан аса әртүрлі санаттағы ардагер өңіріміздегі шипажайларда демалып, денсаулықтарын сауықтырған. Өңірде тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмектермен қамтамассыз ететін 500-ден аса дәріхана жұмыс істейді.

Ардагерлер кеңесінің есебіне сүйенсек, өңірде 20 мыңнан аса ардагер тұрады. Ал облыстық ардагерлер ұйымының құрамында 700-ден аса бастауыш ұйым жұмыс істейді.