Биыл фито-терапиялық препараттар шығаратын «Зерде-Фито» ЖШС-не 18 жыл толып отыр. Компания осы уақыт аралығында дәрілік шөптер мен алуан түрлі фитошайлар өндіріп келеді. Бағасына сапасы сай өнім шығару үшін өндіріс басшылығы нарық талаптарын жіті зерделеп отырады.
Отандық нарықтан ойып тұрып орын алған компания бүгінде фитотерапияның барлық қағидаттарын меңгерген. Мұндағы мамандар алуан түрлі шөптерді үйлестіре отырып, препараттардың шипалық күшін арттыру жағын да жақсы біледі. Бүгінгі тұтынушының табиғи өнімдерге ден қоя бастағанын ескерген сарапшылар сұранысы зор жаңа фито-препараттарды жасап шығаруда. Ал сапа жағы шикізатті сатып алудан бастап дайын өнімдерді сақтауға дейінгі процесте қатаң қадағаланады.
Отандық нарықта 18 жылдық тәжірибесі бар компанияның жетістіктері жетерлік. 2014 жылы «Зерде-Фито» өнімдері «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының 1-дәрежелі дипломын иемденді. Бүгінде компания 260 шөп-дәрі сығындысын шығарады. Әйелдерге арналған «Зердейка-леди» және балаларға арналған «Зердейка» желілері түрлі гепатопротекторлар мен нозологиялық фитошайлар да өндіріледі. Сондай-ақ, биологиялық белсенді қоспалар мен түрлі шөптерден жасалған көк шайлар тұтынушылардың сұранысына ие.
Дайын өнімдер арнайы жабдықталған қоймаларда сақталады. Мамандар препараттардың сақтау талаптарын бақылап отырады. Температура, ылғалдылық, желдеткіш жүйесі санитарлық нормаларға сай болуы тиіс. Компанияда 220 адам жұмыс істейді. Олардың күшімен жылына мың тоннадан астам өнім шығарылады.
Алдағы уақытта өндіріс басшылығы түлі сығындыларды шығарып, түйіршіктер мен таза табиғи емдік өсімдік шикізаттарынан тез еритін шайларды өндіру желісін іске қоспақ.