Шымкентте жаңа «Хаят» клиникасы ашылды

348
Шымкентте жаңа

Шымкентте жаңа «Хаят» клиникасы ашылды. Қаратау ауданына қарасты Сайрам елдімекенінде бой көтерген мекеме амбулаториялық-клиникалық көмек көрсетеді.

Шымкентте жаңа "Хаят" клиникасы ашылды

Жаңа нысанда медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Дерттің кез келген түрін анықтау мақсатында клиникада диагностикалау және емдеу қондырғылары орнатылыпты. Мұнда келген азаматтарға акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, терапевт сынды жоғары санаттағы дәрігерлер қызмет көрсетеді.

Шымкентте жаңа "Хаят" клиникасы ашылды

Клиника басышылығы жергілікті тұрғындар үшін әр қызметтің қолжетімді жағын қарастырып қойған. Яғни, денсаулық мекемесінің көмегіне жүгінген ардагерлер мен зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 20 пайыздық жеңілдік қарастырылыпты. Сондай-ақ арнайы дәріханасы да бар. Мұнда әрбір науқас үшін қажетті препараттар көтерме бағамен босатылады.

Медицина мекемесы көп салалы болғандықтан, күндізгі станционар жұмыс істейді. Саулығы сыр бергендер үшін бұл клиника сапалы қызмет көрсетуге дайын.