Биыл «Жасыл ел» жасағына 1700 студент жұмылдырылады

175
"Жасыл ел" жасағына 1000 адам қатысуда

Оңтүстікте биыл «Жасыл ел» еңбек жасағында 1700 студент жұмыс атқарады. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Болат Жанәбіл мәлімдеді.

"Жасыл ел" жасағына 1000 адам қатысуда
«Жасыл ел» жасағына 1700 адам қатысады

Студент жастардың жаздағы бос уақытын тиімді пайдалану үшін әр аудан, қалада студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыс атқармақ. Мысалы, Шымкент қаласының өзінде биылғы маусымда 500 студент құрылыс нысандарында еңбек етсе, «Жасыл ел» құрамында 1700 азамат жұмыс атқарады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы еңбек жасағында 1000 ізденуші жұмыс атқарған. Тағы белгілі болған ақпарат, биылғы 5-7 мамыр аралығында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХІІ республикалық еңбек маусымының ашылу салтанаты Оңтүстікте өтеді. Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрінің және барлық өңірлердегі жасыл ел штабтарының өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шараны Төлеби ауданы «AIma-tau» демалыс аймағында өткізу жоспарлануда.

2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен 694 жас маманға 103 млн 80 мың теңге көлемінде көтермелеу жәрдемақысы қарастырылса, тұрғын үй алу үшін 300 жас маманға 954 млн 450 мың теңге көлемінде несие бөлінген. Бағдарлама бойынша жастар білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мен мәдениет, спорт және ветеринария саласына жұмысқа орналастырылатын болады.

Басқарма басшысының мәліметінше, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында жастар ресурстық орталығының тапсырысымен «Hello, ауыл!» толық метражды фильм түсірілген. Аталған фильм жақын арада еліміздің кинотеатрлары мен өңірдегі жастар орталықтарында көрсетілетін болады.