Сарыағашта екі бозбала көлік иесін тонап кетті

335
Сарыағашта екі бозбала көлік иесін тонап кетті

Сарыағашта екі бозбала көлік иесін ашықтан-ашық тонап кетті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылдың ақпан айының ортасында Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне аудандық ауруханадан суыт хабар түседі. Дәрігерлері жансақтау бөліміне дене жарақатын алған 1986 жылғы жергілікті тұрғынның жеткізілгенін айтады.

Сарыағашта екі бозбала көлік иесін тонап кетті

Ауруханаға жедел-тергеу тобы аттанады. Инспекторлар жәбірленушімен сөйлесіп, оған Жібек жолы-Жетісай тасжолында шабуыл жасағанын анықтайды. «ВАЗ» маркалы автокөлігіне белгісіз екі азамат келіп, 30 жастағы көлік иесін соққыға жыққан. Оның 100 мың теңге шамасындағы ақшасын, автокөлік магнитофонын және ұялы телефонын тартып алып кеткен екен.

Сарыағашта екі бозбала көлік иесін тонап кетті

Содан бері іздеу жұмыстарын жүргізген полицейлер арада екі ай өткен соң 1999 жылы туған жергілікті екі тұрғынды ұстады. Қазір жас жігіттер өз әрекеттерін мойындап отыр.

Сарыағашта екі бозбала көлік иесін тонап кетті

Бұл жайт Сарыағаш АІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 191-бабы бойынша (Тонау) іс қозғалды. Айғақ ретінде автокөлік магнитофоны тәркіленген.