Шымкентте құтырған ит тағы бір адамды тістеп алды

736
Құтыру

Шымкентте тағы бір адамды ит тістеп алды. Қаңғыбас ит 59 жастағы әйелге шабуыл жасап, аяғын тістеп алған. Соның салдарынан жарақат алған жәбірленуші №2 қалалық ауруханаға көмек сұрап барады.

ҚұтыруДәрігерлер жәбірленушіге көмек көрсетіп, құтқаруға қарсы вакцина салды. Ал аулаушылар адам қапқан итті тауып алғандарын айтады. Тексерудің нәтижесінде анықталғаны, ит құтырған екен.

Сондықтан оған дәрі салып, көзін құртуға тура келген. Айта кету керек, жыл басынан бері ит қапқан адамдардың арасынан 3 адам мерт болды. Ал 2500-ден астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Мұқан Өтекеев, ОҚО ЖАК дәрігер-хирург: «Өткен жылмен салыстырғанда бізден көмек сұрағандардың саны артып отыр. Сондықтан қала тұрғындарынан өз үй жануарларына сақ болуын сұранамыз. Міндетті түрде құтыруға қарсы вакцина салу керек. Ал егер ит немесе мысық байқаусызда тістеп алса, тырнап алса, қаңғыбас иттің сілекейі жұғып кетсе, тез арада дәрігерлерге барып, көмек алу керек.»