Úı ANONS 3 адам құтыру ауруын жұқтырған

3 адам құтыру ауруын жұқтырған

Түркістан облысында 3 адам құтыру ауруын жұқтырған. Олардың екеуін ит қапқан, бірін шиебөрі тістеп алған. Жалпы облыста ит-мысық тырнап, қапқан 500-ге жуық адам жарақат алған.

Түркістан облысында жыл басынан бері ит және шиебөріден 3 адам құтыру ауруын жұқтырған. Олардың жағдайы қазір қалыпты. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының ветеринариялық қызмет кәсіпорны мәлімдеді.

ЖАЛҒАС МЕРГЕНБАЕВ, «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» КӘСІПОРНЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біздерде жыл басынан 3 жағдай тіркелген. Түркістан облысы Отырар ауданында 1 шиебөрі оң жағдаймен тіркелген құтыру бойынша. Одан кейін Түркістанның өзінде 2 жағдай тістелген итпен. Адамдар толығымен вакцинациядан өтіп, барлығы жақсы. 3 жағдай тіркеліп тұр».

Ресми мәлімет бойынша, биыл аймақта 44 352 бас ит ауланған. Ал жоспар бойынша жыл соңына дейін тағы 2300-ге жуық ит аулануы керек.  Облыста ұсталған қаңғыбас иттер үшін Сауран, Сарыағаш, Сайрам ауданы және Арыс қаласында уақытша ұстау орындары бар.

ЖАЛҒАС МЕРГЕНБАЕВ, «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» КӘСІПОРНЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жалпы 109 бойынша хабарлама келіп түседі. Сосын тұрғындардың өтінішімен аудандарға хабарласады. Рабиолог мамандар мен ит аулау бригадасы айтылған жерге барып, аулау жұмыстарын жүргізіп толығымен кері байланысқа шығып, аулап алып кеткені айтылады».

Мамандар көбіне ит-мысықтар тістеп, тырнайтынын айтады. Өткен жылы облыста ит-мысықтан 4740 адам түрлі жарақат алған. Салыстырмалы түрде, биыл жарақат алғандар саны 477 адамға кеміген. Биыл итті ұстап, жоюға 88 миллион  теңгеден аса қаржы бөлінген.

Дилара Иса