Шымкентте ұрыс қаруларының техникалық жағдайы тексерілді

Шымкент қаласындағы 66/98 әскери бөлімінде ұрыс қаруларының техникалық жағдайын тексеру жүріп жатыр. Жылына бір рет өткізілетін шара барысында инженерлік байланыс құралдары мамандардың қарауынан өтеді.

Техникалық тексеру жүк көліктерінің, арнайы қызметке, әскерилерді тасуға арналған көліктердің жағдайын бақылаудан басталады. Айта өтейік, әскери бөлімге биыл сотталушыларды тасуға арналған ондаған жүк машинасы әкелінген болатын.

Көлік ішінде 2 жалпы, 1 аса қауіпті қылмыскерлерге арналған қамауда ұстау камерасы да бар.