Жеделсаты мәселесі жиырма жыл өткенде шешілді

271
жеделсаты

Былтыр қала басшысының алдында тоғызыншы қабатқа жаяу шығып-түсетіндерін жеткізген жұртшылықтың арманы орындалды. Қабанбай батыр көшесіндегі үш көп қабатты үйге жедел саты орнатылды. Енді тұрғындар жоғарғы қабатқа жаяу шықпайтын болды.  

vlcsnap-2016-05-20-18h10m11s72

Бірақ, жаңа жедел сатыны қолдану – ақылы. Бұл үшін тұрғындар 900 теңгеге арнайы карточка сатып алады. Мұндай бір карта 100 рет мініп-түсуге жетеді. Мұнда зейнеткерлердің көптеп шоғырланғанын ескерген билік өкілдері лифттің төлем картасының құнын 600 теңгеге дейін арзандатуға уәде беріп отыр.

vlcsnap-2016-05-20-18h07m36s67

Жаңа жеделсатының техникалық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Сондықтан мұндағы тұрғындардың лифтпен мініп түсуінде ешқандай қиындық болмайды деп сендірді жауаптылар.