Қазақстанның Грекиядағы елшілігі гүл жәрмеңкесіне қатысты

252

Таяуда Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі Ахарнон қаласында өткен ірі гүл жәрмеңкесіне қатысты. Бұл қала әлемдік маңызы бар тарихи және сәулеттік ескерткіштерімен танымал. Оған қоса, 150 мың қала тұрғынының басым бөлігі ыдыраған Кеңес Одағының ғана емес, ғұмыр кешіп жатқан қазақстандықтармен де белгілі.

Жәрмеңке қонақтары қатарында Грекия Қоршаған ортаны қорғау және энергетика министрінің орынбасары Й.Тсиронис, Ахарнон қаласының Митрополиті П.Филиппу, Грекия Парламенті депутаттары, көршілес қалалар мен аймақтар басшылары болды. Ахарнон қаласының басшысы Я.Кассавос өз құттықтау сөзінде осы жылы Оңтүстік Қазақстандағы Шымкент және Түркістан қалаларында іс-сапармен болып, грекиялық қазақтардың екінші Отаны – Қазақстанмен тығыз байланыста екенін атап өтті. 2008 жылдан бастап Ахарнон мен Шымкент шаһарлары «Бауырлас қалаларға» айналған. Бүгінгі таңда қалалар арасында екіжақты ынтымақтастық пен серіктестік даму үстінде.

Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі А.Волков өз құттықтау сөзінде мемлекетіміз үшін биыл үлкен тарихи оқиға – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тойланатындығы туралы баяндады. Республикамыз аталған аралықта тұрақты және мықты мемлекет, дамыған экономикасы мен жаһанда нық ұстанымы бар аймақтық державаға айналғандығына да тоқталды. Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімнің тұрақты жүйесі қалыптасып, 10 мыңнан астам грек диаспорасы кіретін Қазақстан Халқы Ассамблеясының белсенділігі аталып өтті.

Елші А.Волков грек халқына Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және бейбітшіліктің, дінаралық пен ұлтаралық келісімнің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Бұған қоса, жиналған қауым Қазақстанның тарихи дамуы мен Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекетіміздің қол жеткізген белестерімен таныстырылды.

Жалпы алғанда, Ахарнон қаласы басшылығы мен қазақстандық дипломаттардың атсалысуымен ұйымдастырылған іс-шарада елімізде Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында жасалып жатқан қызу дайындық жайлы ақпаратқа тұрғындар зор қызығушылық танытты. Іс-шара аяғы құрамында отандастарымыз да қызмет ететін Ахарнон қаласы муниципалитеті филармониялық оркестрінің концертімен жалғасты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі