Úı ANONS Дүкендегі жарылыс: Тергеп тексеру басталды

Дүкендегі жарылыс: Тергеп тексеру басталды

Шымкент қаласында Ж.Тәшенов пен Н. Төреқұлов көшелерінің қиылысында дүмпу болып, салдарынан дүкен ғимараты қирады. Оқиғаның нақты неден болғаны әзірге белгісіз. Қазір аталған жайт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция департаментінің  мәліметінше, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Яғни,  оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты сараланып, тиісті шешім қабылданады.

 

«Тергеу аясында оқиғаға қатысы бар тұлғалардан жауаптар алынып, келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда. Сондай-ақ оқиғаның себептерін нақтылау мақсатында сот-медициналық және сот-өрт-жарылыс техникалық сараптамалары тағайындалды.  Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда».

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

Бейресми ақпарат бойынша, оқиға салдарынан бір адам зардап шеккен. Алайда бұл ақпаратты құзырлы органдар әзірге ресми түрде растаған жоқ. Тергеу нәтижесіне қарай қосымша ақпарат жарияланатын болады.

 

НҰРГҮЛ ЖОЛЫМБЕТОВА