Әсет Исекешев Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінің құрылысымен танысты

321

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешов «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Жамбыл облысының шекарасы – Шымкент қаласына дейінгі жол бөлігінің құрылысымен танысты.

123

Министр жол құрылысының сапасын бақылап, жұмыс алаңында мердігер мекемелердің өкілдерімен жиын өткізді. Салаға қатысты маңызды мәселелер қаралған отырыста Ә.Исекешев құрылыс компанияларының басшыларынан жұмысшылардың айлық жалақысын уақытылы төлеп отыруды талап етті. Сонымен бірге, төрт түлікті айдап өткізуге арналған жол астынан жасалатын өткелдердің жергілікті тұрғындар үшін ыңғайлы болуы қажеттігін жеткізді. Өз сөзінде, министр автодәліздің бойынан халықаралық стандарттарға сай инфрақұрылым құрылысын бастауды әкімдіктің назарына салды.

Мұнан соң, жұмыс тобы Шақпақ баба ауылындағы Қазақстанда тұңғыш рет салынып жатқан автокөлік тоннелін көрді. Ұзындығы 840 метр болатын жоба жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Айта кету керек, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық маңыздағы автомагистральдің ОҚО-дағы жалпы ұзындығы 420 шақырымды құрайды. Мамандардың айтуынша, жолдың құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі