Йод жетіспеушілігінің алдын алыңыз

619

26994829_sЖыл басынан бері қалқанша безіне шалдыққан 9000 бала тіркеуге алынған. Дәрігерлер дерттің, әсіресе, жасөспірімдердің арасында көбейгенін айтып, дабыл қағуда. Сырқаттың артуына басты себеп – йод жетіспеушілігі.

Мұндай аурудың салдары көбіне жас балаларды қатерлі ісік дертіне апарады. Сондықтан, мамандар кеселді алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, йоды көп тамақтарды тұтыну керек деп кеңес береді.

Қазір облыстық эндекринологиялық диспансерде қалқанша безімен күресу мақсатында айлық басталды. Шара аясында медициналық мекеменің мамандары білім ошақтарына барып алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.