Сарыағаштан 30 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшті

309

jjjjjjhhСарыағаш ауданынан 30 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшті. Теріскейдегі Шоқан Уәлиханов ауданының Алқатерек ауылына қоныс аударған көш сенбі күні жолға шықты.

Сарығаштықтар солтүстік өңірде мал шаруашылығы мен егіншілікті қолға алып, өңірдің ауылшаруалығын түлету ниетте.

50 жасты еңсерген Айбибі Дүйсенбі Солтүстікке қоныс аударып барады. Басыбайлы баспанасы мен тұрақты табысы жоқ азаматшаның отбасы Ш.Уәлиханов ауданындағы Ақтерек аулына жайғаспақ ниетте. Баспанамыз дайын, мал шаруашылығы мен егіншілікті еспеттесек, екі қолға бір күрек табылады деп үміттенеді ол.

Көшті бастап баратындардың бірі – кәсіпкер Нұржан Әбжанов. Ол Уәлиханов ауданда бұған дейін де барып, қоныстанушыларға арнайы сатып алынған 50 үйді көзбен көріп қайтан. Жылыжай шаруашылығын қолға алғалы отырған азамат сол жолы жерін де қамдап қайтыпты.

Солтүстікке қоныс аударушылардың арасында жұмыссыздар мен үйсіз отбасылар, кәсіпкерлер де бар. Ең бастысы, еңбекке қабылеттілерді қамтыдық дейді аудан әкімі. Орта есеппен 400 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алған отбасыларға демеушілер де жәрдем беріп отыр. Айтуларынша, тұрғындардың өмір сүріп, жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасалып, қысқы отын-суына дейін сайланып қойыпты.

Айта өтейік, жыл басынан бері Сарыағаш ауданынан 140 мүшесі бар 28 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшіп барды. Жоспарда бар 250 отбасы енді осылайша лек-легімен жолға шығады.