«Денсаулық жолы» шалғайдағы халыққа көмек көрсетуде

375

Алыстағы ағайынға медициналық көмек аса қажет. Мұны осы істің бас қасында жүрген жауаптылар жақсы біледі. Сондықтан «Денсаулық жолы» акциясы – жергілікті тұрғындарға көмек көрсетудің тиімді тұсы.

Оның үстіне арнайы жасақталған мамандар тобының қатарында ауылдарда табыла бермейтін дәрігерлер бар. Алғашқы күні дәрігерлердің қабылдауына Қазғұрттан 100-ге жуық азамат келді. Жергілікті тұрғындар көбіне кардиолог, терапевт, фтизиатр мамандарының көмегіне жүгінді.

Айта кетейік, бұл аудан туберкулез дерті бойынша өңірде көш бастап тұр. Былтырмен салыстырғанда  биыл мұнда құрт аурымен тіркелгендердің саны алпыс пайызға артқан.

vlcsnap-2016-08-09-11h20m15s153

Әлемде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 9 млн адамды құрайды. Соның ішінде өкпе құрты ауруынан жыл сайын 1,5 млн-нан астам адам қаза табады деген статистика бар. Сондықтан мамандар шара барысында осы тұсқа ерекше мән беріп, профилактикалық жұмыстарды күшейтпек. Денсаулық керуенінде, сондай-ақ, терапевт, педиатр, офтальмолог, эндокринолог, онколог, кордиолог сынды мамандар да бар.

vlcsnap-2016-08-09-11h25m11s26
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйтқы болған акция 12 тамызға дейін жалғасады. Білікті мамандардан құралған топ енді Сарыағаш, Шардара аудандарына барып, азаматтарды қабылдайды. Бір аптаға жалғасатын тексеруде дәрігерлер өңірдегі 12 ауданды қамтимыз деп отыр.