«Менің Қазақстаным» ән байқауы басталды

538

«Менің Қазақстаным». Күнгейде осындай тақырыпта әйгілі композитор, вальс падишаһы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттайтын байқау басталды. Биыл 24-рет ұйымдастырылып отырған өнер бәсекесіне қатысушылардың да қарасы қалың. Олардың талантын 5 адамнан құралған қазылар алқасы таразылап жатыр.

Сайыста үміткерлердің әнді орындау шеберлігі ғана емес, әуеннің танымал әншілерден ұрланбауы да қадағаланады. Сахналық киімдер де ерекше ескерілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі байқаудың бағдарламасына енгізілген өзгерістер бұл ғана емес.

Берік Жорабеков, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары: «Бұған дейін 2 әннің бірі еркін тақырып болып келсе, ендігі жерде ол патриоттық ән болып өзгерді. Бұл ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының құрметіне орай енгізілді. Сондай-ақ, марапаттау рәсімі әйгілі сазгердің туған жері Отырар ауданында өтеді.»

13871829_879874742118501_1421277481_n

13874723_879874782118497_1116621680_n

«Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының 1-кезеңіне 100-ге жуық үміткер қатысты. Ендіқ сайыстың екінші кезеңі – ақтық мәре тамыздың 5-жұлдызында өтеді деп жоспарланып отыр. Оған 29 жас талант жолдама алды. Ал жүлдегерлер үшін арнайы қаржылай сый-тарту тағайындалған.