Парламет мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов іс-сапармен келді

562

сауытбекБүгін өңірде парламет мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдрахманов іс-сапармен жүр. Халық қалаулысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, Елбасы жолдауының орындалу барысы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын түсіндірді.

«Қоғамдық келісім» ғимаратында облыстық этно-мәдени бірлестіктердің мүшелерімен бас қосып, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын ортаға салды. Жиында этносаралық бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттарды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Депутаттың пікірінше, бүгінгідей жаһандану заманында ұлтаралық татулық пен қоғамдағы тұрақтылық аса маңызға ие.Бұл ретте ассамблея ұсынған мәжілісмендердің де атқарар қызметі орасан.