Оңтүстікте қайырымдылық концерті өтіп, жиналған қаржы балаларға жұмсалады

560
Оңтүстікте қайырымдылық концерті өтіп, жиналған қаржы балаларға жұмсалады

Оңтүстік Қазақстан облысында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 игі іс аясында облыстық өнер қызметкерлерінің «Жасай бер, Қазақстан!» қайырымдылық концерті өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған концертке қайырымдылық жасау үшін өңіріміздің ардагерлері, кәсіпкерлері мен жомарт азаматтары және аудан, қала әкімдіктердің, облыстық басқармалардың өкілдері, денсаулық сақтау мекемелері қатысты. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасынан түскен қаржы облысымыздағы тірек қимылы бұзылған (ДЦП) балалардың еміне жұмсалатын болады.

Оңтүстікте қайырымдылық концерті өтіп, жиналған қаржы балаларға жұмсалады

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің күміс көмей әншілері мен мәдениет майталмандары тегін өнер көрсетіп, мерекелік кешке өз үлестерін қосты. Бұл жолғы қайырымдылық шарасында 1 миллион 116 мың теңге жиналды. Бұл ақша «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қоғамдық қорына аударылып, медициналық көмекті қажет ететін балалардың еміне жұмсалатын болады.

Оңтүстікте қайырымдылық концерті өтіп, жиналған қаржы балаларға жұмсалады

Сонымен қатар өңіріміздің қайырымды жандары өз қаржысын «ЖИТС-тан балаларды қорғаймыз» қайырымдылық қоғамдық қорының есеп-шотына былайға уақытта да аудара алады.

Мекеме реквизиттері — БИН: 060940002643, БИК: CASPKZKA, ИИК: KZ95722S000000527461, АО «KASPI BANK». Телефондар — 8(7252) 39-26-88, 8(7252) 39-48-59.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс аясындағы ұйымдастырылған арнайы есепшот 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады.

Оңтүстікте қайырымдылық концерті өтіп, жиналған қаржы балаларға жұмсалады

Жыл басынан бері облыс көлемінде өткен қайырымдылық іс-шараларының ауқымы кең. Мәселен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан және демеушілер тарапынан өңірдегі батыр аналар мен көп балалалы аз қамтылған аналар, Ұлы отан соғысының ардагерлері, жалғызілікті қарттар, тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, мүгедек азаматтар және аз қамтылған отбасылар сынды 68 мыңға жуық азаматқа жалпы сомасы 31 млн теңгедей ақша жұмсалған. Оның 70 пайызы қайырымды жандардың есебінен көрсетілген көмек болып табылады.

Бұған қоса облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы 100-ге жуық қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Онда 27 мыңнан астам адамға 84 млн теңгеге жуық қаржылай және заттай көмек көрсетілді. Сонымен қатар ассамблеяның ұйытқы болуымен өңірдегі ауыр науқасқа шалдыққан 6 балаға Алматыда кезектен тыс ем алу үшін 800 мыңға жуық теңгені құрайтын емдік қолдау шаралары көрсетілді.

Мұндай игі шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін жалғасатын болады.