Үш жасар бүлдіршінге шұғыл көмек қажет

394
Үш жасар бүлдіршінге шұғыл көмек қажет

Кішкентай ғана бүлдіршінге көмекке зәру! Шымкенттік үш жасар қыздың бір ай ғана өмірі қалды дейді дәрігерлер. Бірақ жүрегінде ақауы бар Виолаға көпшілік көмек қолын созса, ота жасап, өмірін ұзартуға болады екен. Германияда жасалынатын күрделі операцияға шетелдік дәрігерлер 50 мың доллар қаржы сұрауда.

Үш жасар бүлдіршінге шұғыл көмек қажет

Небәрі бір айдай өмірі қалған қорғансыз сәбиіне қарап, шарасыз ана өзін қоярға жер таппайды. Күндіз-түні перзентінің жанынан шықпай, қолынан келгенше көмек көрсетуде. Алайда, оны аман алып қалуда анасы дәрменсіз. 3 жасар Виолаға шұғыл түрде ота жасау керек! Соңғы шешім осы.

Яна Балан, Виоланың анасы: «Бізге қазір шұғыл түрде ота жасау қажет. Германияның дәрігерлерімен күнде хабарласып тұрмыз. Күн өткен сайын баламның жағдайы нашарлауда. Амалсыздан көпшіліктен көмек сұрап тұрмын. Уақытымыз аз. Қайырымды жандардың көмегіне зәруміз.»

Дәрігерлер Виолаға артериалды құлақшаның стенозы және митральды құлақшаның жетіспеушілігі деген күрделі диогноз қойып отыр. Яғни жүректегі құлақшалар істемейді. Оған қоса балақайда өкпе гипертензиясы да анықталған. Қазір шымкенттік дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын бірқалыпты етуге көмектесуде. Бірақ, уақыт өткен сайын үш жасар қызбаланың жағдайы ауырлап барады. Ал өңірлік дәрігерлер түгілі, еліміздегі білікті кардиохирургтардың өзі қажетті отаны жасай алмайды екен.

Гауһар Сапартайқызы, қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері: «Виола еліміздегі білікті мамандардың қабылдауында болды. Олар арнайы кеңес берді. Дәрігерлердің шешімі бойынша балақай шетелде ем алу қажет. Бұл сұрақ қазір денсаулық сақтау басқармасында қаралуда. Қазір баланың жағдайы ауыр. Біз қолымыздан келгенше көмек көрсетудеміз.»

viola-7
Көп түкірсе көл болады демекші, Виола қайырымды жандардың көмегіне зәру. Көзі жәудіреген балақайдың жағдайы ешкімді бей-жай қалдырмас деп сенеді анасы. Науқас бүлдіршінге қол ұшын беремін деген азаматтар жоғарыда көрсетілген есеп-шотқа нөмірге қаржы аудара алады. Виола мен анасы сіздерден көмек күтеді!