Бейбіт Атамқұлов қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

557
Бейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жаңадан құрылған қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Бейбіт Атамқұлов тағайындалды. Бұл қызметіне дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында туған. Қазақ политехникалық институтының түлегі.

Бейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов

Еңбек жолын 1985 жылы Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының жез балқыту зауытында балқытушы болып бастаған ол шебер, рафирленген цехтың аға шебері қызметтерінде болып, жеке секторда – өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап кеңесші, Ресейдегі Қазақстан елшісінің елші-кеңесшісі лауазымдарына тағайындалған, әр жылдары Ирандағы Қазақстан елшісінің елші-кеңесшісі, Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы, Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин республикасында Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінде болды.

2015 жылдың тамыз айынан бастап 7 қазанға дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Бейбіт Бәкірұлы 1 жыл 2 айдағы жауапты қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеріп, облысқа инвестиция тартуда ілкімді істер атқарды.