Болашақ мамандарды жұмыспен қамтудың тиімді жолы

403
Болашақ мамандарды жұмыспен қамтудың тиімді жолы

Қолда диплом бар, бірақ екі қолға жұмыс жоқ. Бұл – бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі. Өйткені қолында мамандық құжаты бар мыңдаған жастың тұрақты жұмыспен қамтылуы оңай шаруа емес. Дегенмен, Мардан Сапарбаев атындағы ОҚПИ-ның басшылығы мұндай келеңсіздікті алдын алмақ. Яғни, оқу ордасындағы студенттерді тікелей жұмыс берушілермен кездестіріп, қызметке орналасудың бағыт-бағдары жөнінде ақпарат беруде.

Болашақ мамандарды жұмыспен қамтудың тиімді жолы

Кездесуде жастар мемлекеттік мекеме басшылығы және жеке кәсіпкерлермен сұхбаттасты. Жұмыс берушілердің айтуынша, мұнда қажетті маман иелері көп. Өйткені оқу ордасының басшылығы заман талабына сай мамандарды даярлауды мақсат етеді. Бұл үшін институттың студенттері дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алып, практикалық бағыттағы да қабілеттерін шыңдай алады.

Ерлан Оңласынов, М.Сапарбаев атындағы ОҚПИ ректоры: «Бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Соның бірі – мамандықтың оқу жоспары жұмыс берушілерге берілуде. Нәтижесінде мамандық иелері қай пән бағдарламасына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстарын беріп жатыр. Солардың ұсыныстары бойынша оқу жоспарына өзгерістер енгізіліп, заман талабына сай студенттерді бейімдеп, дайындап жатырмыз.»

Бұл жүйені облыс мұғалімдері құптайды. Тек теория жүзінде ғана берілетін білім болашақ маманды биікке жетелей бермейді дейді оқу ордасының басшылығы. Дуальды оқытудың нәтижесінде жас маманның тек дипломы ғана емес, мол тәжірибесі де болатын көрінеді. Айта кетейік, Мардан Сапарбаев атындағы институтта 15 мамандық бойынша 4500-ден астам студент білім алады.

Жарнама.