Кентау жастары Шымкентке саяхаттады

495
Кентау жастары Шымкентке саяхаттады

Кентау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балабиевтың қолдауымен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық арнаулы кәсіптік колледжінің мүмкіндігі шектеулі жастары Шымкент қаласына саяхаттады.

Кентау жастары Шымкентке саяхаттады

Саяхаттың мақсаты Елбасымыздың «Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шектеусіз аймаққа айналуы тиіс» деп көрсеткендей мүмкіндігі шектеулі жастарды Шымкент қаласымен, оның тарихы және мәдениетімен, демалыс орындарымен таныстыру болатын деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кентау жастары Шымкентке саяхаттады

Саяхат барысында жастар Шымкент қаласының көрікті жерлерімен, әсем ғимараттар мен жаңа іскерлік орталығы, саябақтармен танысып, Шымкент зообағындағы жануарлар дүниесін қызықтады.

Кентау жастары Шымкентке саяхаттады

Кентау жастары Шымкентке саяхаттады

Ең бастысы – жастар саяхаттан өмірлік таным көкжиектерін кеңейтті, елімізге деген мақтаныш сезімдері артып, жаңа көзқарас қалыптастыра бастады, көңілдеріне қуаныш ұялап тарихи тағылымдарымызды жастар мәңгі жадында сақтап жүретін болды.