Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Абдалиeвтi еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ересектер арасындағы жарысқа биыл 161 былғары қолғап шебері келген. Спортшылардың кездесуіне халықаралық дәрежедегi мамандар төрелiк етедi.
Жарыстың ашылу салтанатына танымал спорт ардагерлерi мен ұлттық құраманың бас бапкерi М.Айтжанов та арнайы келген. Биыл 37-рeт жалауы көтерiлген бұл доданың тамыры тереңге жайылған. Ал бұл жолы жеңiске жеткендер «Спорт шеберi» атағына иe болады.