БҰҰ өкілдері «Су арнасы-Маркетинг» мекемесінде болды

250
"Су ресурстары-Маркетинг" мекемесі шағын электр стансасын салмақ

"Су ресурстары-Маркетинг" мекемесі шағын электр стансасын салмақ

БҰҰ өкілдері «Су арнасы-Маркетинг» мекемесінде болды. Мұндағы мақсат – мекеменің жасыл экономика бағытында тындырған тірліктерін бағамдау. Климатық жоба өкілдері жасыл технология жетістіктері ресурстарды тиімді пайдаланып, бюджет қаражатын үнемдеп жұмсауға септігін тиігізіп отырғанына көз жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан климат жөніндегі Париж келісімін мақұлдаған болатын. Осынау келісім негізінде еліміз 2030 жылға дейін атмосфераға зиянды қалдықтар шығару көрсеткішін 20 пайызға төмендетуі тиіс. Бұл ретте ірілі-ұсақты кәсіпорындардың жұмысын жетілдіретін модернизациялау шараларын қолға алу маңызды.

Кәсіпорын бірнеше жыл ішінде қаладағы тазарту қондырғыларын жаңартып үлгерді. Мұндағы барлық процесс суды екінші реттік өңдеуден өткізуге, яғни аэротенктен, радиалды ағардан биогаз өндірілетін метантенкке дейін алуға бағытталған. Кәсіпорын мұны өз қажетіне жаратуды көздеп отыр. Айта кетейік, мекеме шаруашылыққа қажетті электр энергиясын мына күннен қуат алатын қондырғылардан өндіріп отыр. Сарапшылар бұл тиімді технология өзге де мекемелерге үлгі болуы тиіс дейді.