Кәсіпкерлер Сарыағаш кітапханасына сый жасады

463
Кәсіпкерлер Сарыағаш кітапханасына сый жасады

Оңтүстік жастары үшін тарту. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Сарыағаш аудандық кітапханасына 800 кітапты сыйға берді. Шенеунік бұл тартуды жай жасаған жоқ. Өйткені оқулықтардың ішінде үш тілде шетелдік әдебиеттер және бизнес жоспарын құру туралы мәліметтер жазылған.

Кәсіпкерлер Сарыағаш кітапханасына сый жасады

Аудандық кітапта бүгінге дейін 630 мың дана кітап сақталған. Оған қоса тұрақты 20 мың оқырманы бар. Солардың бірі – Жұлдыз Жұман. Психолог болып жұмыс істейтін жас маман үнемі осында келіп өзіне, қажетті мәліметтерді іздейді.

Осылайша аудандық кітапхана өз оқырмандары үшін жаңа кітаптармен толықты. Әлтаев мырзаның бастауымен қолға алынған мұндай игі бастамалар өзге де ауданда жалғасып, шалғайдағы халықтың бизнестегі сауатын ашуда өз септігін тигізуде.

Жарнама негізінде.