Оңтүстіктің полицейлері Тәжікстаннан жүлделі оралды

437
Оңтүстіктің полицейлері Тәжікстаннан жүлделі оралды

2016 жылдың 26-30 қазаны аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ТМД елдері ішкі істер органдарының күштік құрылымдары арасындағы шағын футболдан халықаралық турнир болып өтті. Жарысты Тәжікстан Республикасының ішкі істер министрлігі ел тәуелсіздігіне 25 жыл толуы мерекесіне орай ұйымдастырды.

Оңтүстіктің полицейлері Тәжікстаннан жүлделі оралды

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Тәжікстан және Ресейден 10 команда қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің командасын Шымкенттегі Еңбекші полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Қарабаев бастап барды. Команданың құрамында жол-патрульдік полициясы полкінің — 2, жол-патрульдік полиция батальонының — 5, процессинг орталығының 1 және Еңбекші полиция бөлімінің 2 полицейі ойын көрсетті.

Командалар екі топқа бөлініп, ойнады. Қазақстан құрамасы Әзірбайжан командасын — 4:2 есебімен, Өзбекстан командасын — 3:1 есебімен, Ресей командасын — 5:0 есебімен, Тәжікстан командасын 2:1 есебімен жеңіп, алға шықты. Ширек финалда Тәжікстан командасымен ойнаған жерлестеріміз негізгі уақытта 4:4 есебімен тең түседі. Жеңімпазды анықтауда тағайындалған пенальти Тәжікстан командасының пайдасына шешілді.

Оңтүстіктің полицейлері Тәжікстаннан жүлделі оралды

Ал 3-орын үшін өткен матчта Қазақстандық команда Армения құрама командасынан 2:1 есебімен басым түсті. Ал 1-орынды Ресей командасы иеленді. Өздерінің жерінде ойын көрсеткен Тәжікстан командасы 2 орынды иеленді. Жеңімпаздар кубоктар, медальдар және грамоталармен марапатталды.