Оңтүстіктің құтқарушылары 8 жасар қызға дәрігерді жеткізіп үлгерді

366

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері 8 жасар қыздың өмірін сақтап қалуға сеп болды. 19 ақпан күні кезекшіге Бәйдібек ауданындағы 8 жасар қызға шұғыл дәрігер қажет деген суыт хабар түседі.

Оқушы қыз соқырішек диагнозы қойылған. Ауа райы күрт бұзылып, мол қар жауғандықтан, Ақтас ауылына барар жол жабық. Осыған орай облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Б.Сопбеков тез арада бір шешімге келіп, ауылға құтқарушылар тобы шұғыл аттанады.

Құтқару жасағының үш маманы жол талғамайтын «Трэкол» арнайы көлігіне мініп, алдымен Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылына аттанады. Осы жерден дәрігерді алып, сағат кешкі 21:51-де Ақтас ауылына аттанады.

Жол жоғына және боранға қарамастан құтқарушылар тобы түнгі сағат 00:28-де ауылға кіріп келеді. Іске бірден кіріскен дәрігер түнгі сағат 01:21-де оқушыға қызға сәтті ота жасап шықты.