Шымкенттің дәрігерлері тастанды сәбиге Жұлдыз деп ат қойды

340
Шымкенттің дәрігерлері тастанды сәбиге Жұлдыз деп ат қойды

Шымкентте даладан табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды. Облыстық №2 перинаталдық орталықтың қызметкерлері шақалақты Жұлдыз Сақтаған деп атапты. Осылай деп otyrar.kz порталының тілшісіне хабарлаған ақ халаттылар бүлдіршіннің өз өмірі үшін күресіп жатқанын айтады. Дәрігерлер де қолдан келгенді аямауда.

Айта кетейік, қоқыс тастайтын орыннан табылған нәресте әлі де ауыр халде жатыр. Осылай деген дәрігерлер төрт күннен бері науқас баланың өмірімен арпаласуда. Қазір балақай облыстық №2 перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Жаға ұстатар бұл жағдай 25 ақпан күні болған. Көкек ана жаңа туған нәрестесін «Даумед» медицналық клиникасының маңындағы қоқыс орнына тастап кетіпті. Қансырып жатқан баланы байқаған орталық қызметкерлері бірден алып келіп, медициналық көмек көрсеткен.