Жекеменшік трансформатор саяжай тұрғындарын жарықсыз қалдырды

362
Жекенің қолындағы трансформатор саяжай тұрғындарын жарықсыз қалдырды

Бес күн бойы жарықсыз отырғын Жаңаталап саяжайының тұрғындары көшеге шықты. Айтуларынша, осындағы 2 мыңнан астам тұрғынның жарықсыз қалуына электр жарығына бағаның тұрақсыздығы себеп болыпты. Ал мұндағы жарық – жекенің қолында.

Жекенің қолындағы трансформатор саяжай тұрғындарын жарықсыз қалдырды

Бұл трансфарматордан саяжайдағы 200-ге тарта отбасы жарық алады. Кезінде көпшіліктің қаражатына қойылған қондырғы әбден тозығы жеткен. Жарықтың жылпылдап жиі сөнетініне көндігіп жүрген көпшілік бағаның күрт қымбаттауына көне алмаймыз деп көшеге шығыпты. Қалада бекітілген тариф жарықтың әр киловатына 14 теңге 80 тиын болса, жаңаталаптықтар 18 теңгеден төлеп келген. Ал соңғы айда ол баға тіпті 40 теңгеге бірақ жетіпті.

«Біздің трансфарматорды үкіметке өткізбей болмайды, сол мәселені тезірек шешу керек. Бүгінгі көрген күніміз құрысын, ойларына келген бағаны қояды.»

Көпшілікпен кездесуге келген «Оңтүстік Жарық» мекемесінің мамандары бағаның өзгермегенін айтты. Және 5 күн бойы қара қапаста отырған тұрғындардың жарығын қосып беруге уәделерін берді.

Нұралы Әлиакбаров, «Энергопоток» ЖШС бөлім басшысы: «Мұндай жағдайда бізге келу керек еді, біз мәселені тез шешіп беретін едік. Мұндай баға жоқ. Мен тағы да айтамын – қалада бекітілген бір-ақ баға бар. Ол – 14 теңге 84 тиын.»

Шымкент қаласы бойынша 530-дан астам трансформатор жекенің меншігінде. Сала мамандары биыл 60-қа жуық трансформаторды жарық таратушы мекеменің баланысына өткізбек. Ал Жаңаталап саяжайындағы бұл мәселе 2018 жылы шешімін табады екен.

Нұрлан Жаңабай