Күнгейдегі кәсіподақ кеңесі қордағы қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған

312

Күнгейдегі кәсіподақ өкілдерінің қатары жыл ішінде 220 мыңға артты. Нәтижесінде еңбеккерлердің жалақысынан ұсталатын тиісті теңгесі ұлғайып, қордағы қаржының көлемі еселенді. Маңызды ақпарды өңіріміздегі кәсіподақ орталығының басшылығы ұжымдағы наурыз тойы, яғни мекеменің 12 айлық атқарған жұмыстарын саралайтын мәдени шарада мәлімдеді.

Айтуларынша, бүгінге дейін балабақшадағы тәрбиешілердің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтамасы үшін де ешқандай ақы төленбей келген. Сондай-ақ, аудандардағы бірқатар педагогтардың қызметтегі құқықтары қорғалмағаны анықталыпты. Енді аталған олқылықтардың орны жойылып, білім жүйесі жолға қойылды. Орталық өкілдерінің сөзіне сенсек, жылдың жемісі бұл ғана емес.

 

Ғани Қарабеков, облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы: «Мәселен, мұғалімдер медициналық тексеруден өтуі үшін алдымен ақша төлеп, сосын ғана анықтамасын алатын. Қазір бұл мәселені біз бюджетке енгіздік, енді мұғалімдер тегін, ақысыз өтеді. Одан кейін ең үлкен жетістігіміз – біз әлеуметтік орталық ашқанбыз, сол кәсіподақта істейтін адамдар бала-шағасы көп, жағдайы нашар жанұялардың тізімін жасап, көп көмек жасауға бекіндік. Соңынан 450 отбасыға жұмыла көмек қолын создық, 850 балаға мектепке киім-кешек әпердік».