Жұмыспен қамту орталығы азаматтарды жұмыссыз деп тіркеуден бас тартуда

649
Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында жаңалық көп

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жұмыссыз деп тіркеуден бас тартуда. Осылайша қалалық бөлім қызметкерлері екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтардың көрсеткішін темендетіп көрсеткісі келеді екен. Бұл туралы денсаулық сақтау саласының мамандары «Нұр Отан» партиясында өткен сараптамалық топтың мәжілісінде ашып айтты.

Медицина мамандарының бұлай деуіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілетіні себеп болған. Өйткені сақтандыру енгізілген сәттен бастап жұмыссыз жүрген азаматтар жұмыссыз деп тіркелмесе, оларға медициналық көмек көрсетілмейді. Сақтандырудағы проблемаларды ортаға салған қызметкерлер осы мәселені шешуді сұрап отыр.

Жанат Тоғайбекова, сараптамалық топ мүшесі: «Біз қазір халыққа медициналық сақтандыру бойынша түсіндіріп жатырмыз. Сіз жұмысыз болсаңыз, жұмысым жоқ деп тіркеліңіз деп. Бірақ, жұмыспен қамту орталығы оны тіркеп жатқан жоқ. Өйткені жұмыссыздардың саны өсіп кете ме деп отыр. Мұны біз талай айтып жатырмыз. Бірақ, шешілер емес.»