Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінің ұжымы Ақтөбеден жеңіспен оралды

Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінің ұжымы Ақтөбеден жеңіспен оралды

Ақтөбеде өткен аймақтық байқаудан Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінің ұжымы бас жүлдемен оралды. Колледждегі үрмелі аспаптар оркестрі Владимир Фоменко атындағы үрмелі музыка жарысына қатысқан болатын. Шымкенттік жас музыканттар шебер орындаушылығымен баршаны таңғалдырып қайтты.

Бас бәйгемен қатар атаулы колледж студенттері 16 номинация бойынша жүлделі орындарды қанжығасына байлаған. Оркестр жетекшілерінің айтуынша, бұл шығармашылық ұжымның ауқымды сайысқа алғаш рет қатысуы.

Ұлықбек Мәжитов, музыкалық колледж директоры: «Ақтөбеліктер қазақ шығармаларын үрмелі аспаптар оркестрімен орындауға болатынын білмегендерін жасырмады. Сондықтан бұл жаңашылдыққа оларды біз үйретіп кеттік деуге болады. Жалпы, оркестр дегеніміз бүтін бір ағза секілді. 40 бала жұмылып, үйлескен бір музыкалық туындыны баяндауы керек. Бірлескен жұмыс оларды өзара жақындата түседі. Осы орайда бұл үлкен тәрбиелік мәні бар еңбек дегім келеді. Алғашқы ірі жеңісіміз шәкірттерге бұдан да биік белестерге шабыт сыйлайтынына сенімдімін.»