Төлқұжатты Шымкентте енді 2 жұмыс күнінде жасатуға болады

389
дың анықтамасын ХҚКО-дан алуға болады

Шетелдік паспорт пен жеке куәлікті Шымкентте енді 2 жұмыс күнінде жасатуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының жерлестерімізге арналған осындай жаңалығы бар. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жасы 16-ға толған жеткіншектерді де жеке куәлік рәсімдеуге шақырады. Бұған қоса 25 және 45-ке толған азаматтар жеке куәлігін жаңартуы тиіс. Өйтпеген жағдайда, айыппұл төлейді.

Серік Жолдасов төлқұжат алу үшін құжаттарын тапсыруда. Әл Фараби ауданының тұрғыны төлқұжатты осы аптада алуға ниетті. Жігіт жедел қызмет үшін ақша төлеуге де дайын.

Екі жұмыс күнінде әзірленген төлқұжат үшін азамат 4 АЕК және жеделдік үшін 1989 теңге, жалпы 11 065 теңге төлейді. Ал 15 жұмыс күнінде дайындалған құжатқа азаматтар 4 АЕК, яғни 9 076 теңге төлейді.

Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстанның 16 жасқа толған азаматтарын да қабылдайды. Дегенмен, көші-қон саласының мамандары жасөспірімдер әзірге ата-анасынсыз құжатты рәсімдей алмайтынын ескертеді.

Халыққа қызмет көрсету орталығында 25 пен 45 жасқа толған азаматтарды күтеді. Олар жеке куәлікті жаңалауы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, 15883 теңге төңірегінде айыппұл төлейді. Төлқұжат 10 жыл мерзімге беріледі. Сондықтан құжаттарыңыздың мерзіміне назар аударғандарыңыз абзал. Айта кетейік, жаңа жылдан бастап бір ғана Әл Фараби ауданында электронды түрде 6 мың 800 құжат әзірленген.