Ересектер қамкөңіл балаларға мереке сыйлады

281
Ересектер қамкөңіл балаларға мереке сыйлады

«Шымкент-холл» салтанат сарайында балалар мен оларды қамқорлыққа алған жандарға арналған керемет мейрам өтті. Ересектер жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ересектер қамкөңіл балаларға мереке сыйлады

– Мұндай салтанатты іс-шаралар өткізу біздің қаламыз үшін дәстүрге айналғаны қашан. Біз бүгін тек балаларды ғана мерекелерімен құттықтап қана қоймай, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді тәрбиелеу жүгін алған жандарды да қолдағымыз келді, – дейді қалалық білім бөлімінің жетекшісі Жанат Тәжиева.

Ересектер қамкөңіл балаларға мереке сыйлады

Мерекелік кеште Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балғындарды құттықтап, бөтен бала болмайтынын атап өтті.

– Барлығыңыз да біздің перзентіміз екенін есте сақтаңыздар. Әр балғын үшін жанымызды шүберекке түйіп, қолдау көрсетеміз, – деді шаһар басшысы.

Ересектер қамкөңіл балаларға мереке сыйлады

Мұндай іс-шараларға қатысып, қолдағысы келетін кәсіпкерлер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Ал бүгінгі мерекеде балалар мен олардың қамқоршылары мол дастархан басына жиналып, шоу-бағдарламаны тамашалады. Концертті қаланың өнерпаз ұжымдары дайындаған. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте ата-ана қамқорлығынсыз қалған 776 бала болса, олардың 33-і патронатты тәрбиеге алынған.