ЭКСПО-2017 көрмесіне миллионыншы саяхатшы келді

591
ЭКСПО-2017 көрмесіне миллионыншы саяхатшы келді

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін күні бүгінгі дейін 1 миллион адам тамашалаған. Ал ең ауқымды келушілерді қазақстандық «Нұр-Әлем» павильоны жинап отыр. Халықаралық көрменің медиа орталығы осылай деп хабарлайды. Жалпы, ЭКСПО көрмесімен толық танысып шығу үшін кемінде 4 тәулік уақыт керек. Елордаға барып қайтқан жерлестеріміз осылай дейді.

Елорда төріндегі болашақ энергиясын өндіретін тың технологияларды көргісі келетіндер күн санап көбейіп келеді. Халықаралық көрме ашылғалы бері 900 мыңға жуық халық тамалашалап, тарихи оқиғаға өз үлестерін қосты десек те болады. Солардың бірі — Шымкент қаласының тұрғыны Әлімхан Дүйсенғалиев бү­кіл ел назарын өзіне ау­да­рып отырған ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы өз әсерімен бөлісті.

Әлімхан Дүйсенғалиев: «ЭКСПО көрмесін бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Тек мен ғана емес, келген туристердің барлығы павильондарды көргенде таңданыстарын жасыра алмай жатыр. Ең керемет әсер қалдырған павилиондардың бірі — Германияныкі. Оның екінші залында үлкен айналы бөлме бар, ол толықтай жұлдызбен көмкерілген, айналасы қап-қараңғы. Өзіңізді галактикада тұрғандай сезінесіз. Әрине, біз аралаған павильондардың ішін­де қатты ұнағаны Қазақстан павильоны болды. Өзі 8 қабат екен. Әр қабаты «Болашақ энергия көзі» тақырыбына арналған. Соңғы қабатында еденін әйнектен жасап қойылған көпір бар екен. Астында не болып жатқаны көрініп тұрады. Ұшып жүргендей әсер аласың.»

Сонымен қатар Монако павильоны да өте әдемі. Оны тамашалағандар механизацияланған шоудың естен шықпастай әсер қалдырғанын айтты. Билейтін айналар теңіз түбіндегі толқындар тәрізді, олардың жанынан жүзіп бара жатқан үйірлі балық, теңіз атбалықтары және қарлығаштар көрінеді. Ал Австрия павильонындағы түрлі-түсті механизмдер — балалар мен отбасылы суреттер үшін таптырмайтын фон. Оларды велосипед басқышын айналдырып, канаттарда ілініп тұру арқылы қозғалысқа келтіресіз. Ал Жапония көрмесіндегі 3D экран арқылы сумен жү­ретін машинаны шексіз тамашалауға болады.

ЭКСПО-2017 көрмесіне миллионыншы саяхатшы келді

Махаббат Әбдешова: «Меніңше, үздік павилион атағы Ресейге тиесілі. Онда мұздан жа­салған айсбергті көрдім. Бұл да өзіндік ерекше бір құбылыс болды. Ал Израиль павильонын міндетті түрде көру керек, өйткені бізден кейін кірген туристер тобының таңданыстарында шек болмады. Құдды бір иллюзияның ортасында секілдіміз — мыңдаған шамдары бар бөлме шексіз тәрізді көрінеді. Менің ойымша тек бізге ғана емес, шет елден қонаққа келген туристерге де ерекше әсер қалдырды деген ойдамын. Барлық павильондардың жұмысы өте керемет ұйымдастырылған.»

Иә, ЭКСПО-2017 көрмесі — ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізіліп отырғын ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. Бұл Қазақстан үшін де үлкен абырой болмақ. Және әр отандасымыз көруге лайық шара. Айта кетейік, хапықаралық шараға 115 елден делегация келіп отыр. «Болашақ қуаты» тақырыбында аталған көрме 2017 жылдың 10 қыркүйек дейін жалғасады.

Гүлжан Байназарова