Қасиетті құрбан айт мерекесі жақындап келеді. Ұлық мейрам қарсаңында Шымкентте және бір мал сою бекеті ашылды. Бұл халал қасап «СПК» мекемесінің ашылуына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тікелей қолдау көрсетіпті. Оған арнайы жер телімін бөліп, мұнда тәулік бойы қалалықтарға қызмет көрсетіледі.
Заман талабына сай бұл халал қасап бекетін ашуға 20 кәсіпкер өз үлесін қосқан. Бүгінде мұнда тәуілігіне 250 ұсақ, 50 ірі қара мен жылқыны сойып, жіліктеп беруге барлық жағдай қарастырылыпты. Қалалықтар кез-келген уақытта осы қорадағы малды сатып осындағы ветеринар мамандардың қатысуымен сойғызып алуына болады дейді сала мамандары. Тіпті сырттан әкелінген малды да бауыздап беруге мүмкіндік қарастырылыпты.
Естеріңізге салар болсақ, бұған дейін Шымкент қаласында мал Дулати көшесінің бойындағы жеке үйлерде заңсыз сойылып келген. Алайда шымқаламыздың тазалығына аса үлкен мән берген шаһар басшысы тап осындай бекет ашуға кәсіпкерлерге үсыныс беріп оны өз қадағалауында ұстаған. Нәтиже осы. Халал асты қалайтын мұсылман жамағаты үшін барлық жағдай жасалынған. Күту орны мен намазхана да қарастырылған.
Жасыратыны жоқ бүгінгі таңда Шымкент қаласының қақ орталығындағы көшелерде мал сою тиылар емес. Жергілікті басшылар алдағы уақытта оған қатаң шара көріп, малды арнайы тап осындай бекеттерде союды талап ететіндіктерін жеткізді.