Шымкентте жаңа кітапхана пайдалануға берілді

600

Шымкенттегі 112 орамда тозығы жеткен кітапхана ғимараты бұзылып, орнына жаңа үлгідегі кітапхана бой көтерді. Мәдениет ошағында кітап қоры 40 мыңға жуық, оқырмандардың саны да жылдан жылға артып келеді. Өскелең ұрпақтың санасын жаңғыртуда кітапханалардың мүмкіндігі ұшаң теңіз. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасының аясында қайта салынған кітапхананың ашылу салтанатына жиналғандардың қарасы көп болды.

Жаңа үлгідегі кітапхана ғимаратының салтанатты ашылуына оқырмандарды құттықтау үшін кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, тұрғылықты халық жиналды. Замануи жабдықталған мәдениет ошағында кітап қорынан бөлек электронды жүйе де қарастырылған. Білім көкжиегін кеңейтпек боп, кітапханаға келген әрбір өзіне қажетті мағлұматты дер кезінде алуға мүмкіндік алды деп қуанады кітапханашылар.

Балалардың да қуанышында шек жоқ. Енді мұнда олар ертегі аңыздардан бастап сүйікті ақын жазушыларының туындыларымен танысады. Кітапхананың кішкентай оқырмандары құр алақан келмепті, тартуларымен көпшілікті тәнті етті. Тақпақ айтып, ән салды.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмалар кезеңімен шешілуде. Кітапхана ұжымы ендігі жоспарымыз осындағы кітап қорын толықтырып, балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, болашаққа сенімін арттыру мақсатында танымдық іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алмақ.