Жаңа монша кешені ашылды

719

Шымкентте «Фатима» атты жаңа монша кешені ашылды. Бұл жәй ғана монша емес, нағыз демалыс орны. Өйткені жуынатын орында емдік терапия да алуға болады.
Жаңа монша кешенінде қажеттінің барлығы бар. Емдік терапиядан бастап жуынып-шайынуға дейін мұнда барлығы қарастырылған. Монша кешені екі бөлімшеден тұрады: әйелдер және ерлер бөлімі. Сіздер үшін орыс моншасы, фин саунасы және түрік моншасы (хамам), сонымен қатар тұнық сумен толтырылған бассейн бар.

Нодир Носиров, спортшы: «Біз мұндай монша бар екенін білмеппіз. Біз спортшы болғандықтан, моншаға жиі емдік терапия алуымызға тура келеді. Ал бұл демалыс кешені біз үшін таптырмас орын. Сондықтан, біздің таңдауымыз осы монша болмақ».

Жаңа моншада кешенді кабинкалар жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда моншалық lux-нөмірлер бар, оның әрқайсысы талаптарға сай келеді. Тіпті әр нөмірде демалушылар европалық тағамдарға тапсырыс беріп, өзіне қажеттіні таңдай алады. Бұл үшін мұнда даяшылар қызмет көрсетеді.

Ержан Өскенәлі, «Фатима» монша кешені директорының орынбасары: «Жаңа моншадағы қызметтер халықтың жағдайына қарай қарастырылған. Бізде моншаға түсіп әрі емдік терапия алуға болады. Мұнда люкс және вип бөлмелер бар. Сіз моншада демалып қана қоймай, сауықтыру процедураларын қабылдай аласыз.»

Айта кетейік, моншада қыздырылған денеге арнайы емдік массаж жасатуға болады. Бұл біріншіден денедегі суықты шығарып, екіншіден буындарыңыздың дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Және де моншада шаштараздың да қызметі бар. Ал болашақта орталық басшылығы мұнда дене шынықтыратын спортзалын ашуды жоспарлап отыр. «Фатима» монша кешені күндізгі сағат оннан бастап түнгі онға дейін демалыссыз жұмыс істейді.